«Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1264 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 958 Қаулысы (күші жойылды)
«Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1264 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 958 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 901 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1264 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Комиссияның жұмыс органының функцияларын мына құзыретті органдар жүзеге асырады:
1) көмір мен уранды қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар бөлігінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі;
2) көмірсутек шикізаты, көмір мен уран бөлігінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2014 жылғы 29 тамыздағы
№ 958 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 29 қарашадағы
№ 1264 қаулысына
1-қосымша
Документ утратил силу
Демо – версия документа