(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 31.12.2008 № 1316 ҚАУЛЫСЫ
Астана қаласының «Есіл» ауданы аумағында мемлекеттік мекемелер құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1316 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 15 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласында «Есіл» ауданын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 5 тамыздағы № 637 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар құрылсын:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар, Әділет және Ішкі істер министрліктерінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері:
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Есіл» ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Астана қаласының Әділет департаменті «Есіл» ауданының Әділет басқармасы;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Ішкі істер департаменті «Есіл» ауданының Ішкі істер басқармасы;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің мемлекеттік мекемесі - Астана қаласы «Есіл» ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар, Әділет және Ішкі істер министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік мекемелер туралы ережелерді бекітсін және олардың әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
4. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов
|
Үкіметінің
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1316 қаулысына
Редакция документа
Демо – версия документа