(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.15.01 № 17 ҚАУЛЫСЫ
Тұтыну нарығындағы бағаны тұрақтандырудың жекелеген мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 17 Қаулысы
(2008.17.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2008.17.07. № 702 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Нарыққа реттеушілік ықпал жасау мақсатында 2008 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға көзделген резервінен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға және шығаруға 1 270 188 800 (бір миллиард екі жүз жетпіс миллион бір жүз сексен сегіз мың сегіз жүз) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операция жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 ақпандағы № 237 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операция жасау ережесінде:
19-1-тармақтың екінші абзацы, 19-2-тармақ алынып тасталсын.
Редакция документа
Демо – версия документа