(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 14 ҚАЗАНДАҒЫ № 1051 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы» мемлекеттік мекемесiн тарату туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қазандағы № 1051 қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 28 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнің «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайын құру туралы» 2004 жылғы 28 тамыздағы № 1431 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігiнің «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы» мемлекеттік мекемесі таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi |
|
|
|
|
| Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкiметінің
2004 жылғы 14 қазандағы № 1051 қаулысымен
бекітілсiн
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Мемлекеттік күзетiлуi тиiс объектiлердiң қауiпсiздігін қамтамасыз етудiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 4 қыркүйектегi № 901 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзетiлуi тиiс объектiлерiнiң тiзбесiнде:
«Аса маңызды мемлекеттік объектiлерi» деген 1-бөлiмде:
«Халықаралық және республикалық маңызы бар мемлекеттік мұражайлар, тарихи және мәдени ескерткiштер» деген 5-кiшi бөлiмде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 4-1-жолмен толықтырылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа