Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереже (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) (2024.25.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа
№ 1 ҚОСЫМША
Еуразиялық экономикалық комиссия туралы
ереже
(2024.25.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Осы Шарттың 18-бабының 1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тұрақты жұмыс істейтін реттеуші органы болып табылады.
Комиссияның негізгі міндеттері Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істеу және даму жағдайларын қамтамасыз ету, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі экономикалық интеграция саласында ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
1) өзара пайданы, тең құқықты және мүше мемлекеттердің ұлттық мүдделерін есеп алуды қамтамасыз ету;
2) қабылданатын шешімдердің экономикалық негізділігі;
3) ашықтық, жариялылық және объективтілік қағидаттары негізінде жүзеге асырады.
2023 ж. 25 мамырдағы Хаттамамен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 25 сәуірде күшіне енді) (бұр.ред.қара)
3. Комиссия өз қызметін осы Шартта және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделген өкілеттіктер шегінде:
1) кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу;
2) кедендік реттеу;
3) техникалық реттеу;
4) санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық шаралар, шұғыл фитосанитариялық шаралар;
5) кедендік әкелу баждарын есепке алу және бөлу;
6) үшінші елдерге қатысты сауда режимдерін белгілеу;
7) сыртқы және өзара сауда статистикасы;
8) макроэкономикалық саясат;
9) бәсекелестік саясаты;
10) өнеркәсіптік және ауылшаруашылық субсидиялары;
11) энергетикалық саясат;
12) табиғи монополиялар;
13) мемлекеттік және (немесе) муниципалдық сатып алу;
14) көрсетілетін қызметтердің өзара саудасы және инвестициялар;
15) көлік және тасымалдау;
16) валюта саясаты;
17) зияткерлік қызмет нәтижелерін және тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді дараландыру құралдарын күзету және қорғау;
18) еңбек көші-қоны;
19) қаржы нарықтары (банк саласы, сақтандыру саласы, валюта нарығы, бағалы қағаздар нарығы);
20) осы Шартта және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда айқындалған өзге де салаларда жүзеге асырады.
Демо – версия документа