(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОМИССИЯ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ (ЕУРАЗ...
Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа
№ 1 ҚОСЫМША
Осы редакция 2023 жылғы 25 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2024 ж. 25 сәуірде күшіне енді)
Еуразиялық экономикалық комиссия туралы
ереже
(2024.12.02. берілген өзгерістермен)
1. Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Осы Шарттың 18-бабының 1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тұрақты жұмыс істейтін реттеуші органы болып табылады.
Комиссияның негізгі міндеттері Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істеу және даму жағдайларын қамтамасыз ету, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі экономикалық интеграция саласында ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
1) өзара пайданы, тең құқықты және мүше мемлекеттердің ұлттық мүдделерін есеп алуды қамтамасыз ету;
2) қабылданатын шешімдердің экономикалық негізділігі;
3) ашықтық, жариялылық және объективтілік қағидаттары негізінде жүзеге асырады.
3. Комиссия өз қызметін осы Шартта және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделген өкілеттіктер шегінде:
1) кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу;
2) кедендік реттеу;
3) техникалық реттеу;
4) санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық шаралар;
5) кедендік әкелу баждарын есепке алу және бөлу;
6) үшінші елдерге қатысты сауда режимдерін белгілеу;
7) сыртқы және өзара сауда статистикасы;
8) макроэкономикалық саясат;
9) бәсекелестік саясаты;
10) өнеркәсіптік және ауылшаруашылық субсидиялары;
11) энергетикалық саясат;
12) табиғи монополиялар;
13) мемлекеттік және (немесе) муниципалдық сатып алу;
14) көрсетілетін қызметтердің өзара саудасы және инвестициялар;
15) көлік және тасымалдау;
16) валюта саясаты;
17) зияткерлік қызмет нәтижелерін және тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді дараландыру құралдарын күзету және қорғау;
18) еңбек көші-қоны;
19) қаржы нарықтары (банк саласы, сақтандыру саласы, валюта нарығы, бағалы қағаздар нарығы);
20) осы Шартта және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда айқындалған өзге де салаларда жүзеге асырады.
Редакция документа
Демо – версия документа