Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.31.12 № 1574 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1574 Қаулысы

 

Осы редакция 2014 жылғы 20 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1574 қаулысына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары

 

 

Мазмұны

 

1. Миссиясы мен пайымы

2. Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті салаларынын (аяларының) даму үрдістерін талдау

3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштерi

4. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту

5. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл

6. Тәуекелдерді басқару

7. Бюджеттік бағдарламалар

 

 

1-бөлім. Миссиясы мен пайымы

 

Миссиясы:

Жаңа, жоғары технологиялық, бәсекеге қабілетті өндірістерді дамытуға ықпал ететін, индустриялық-инновациялық даму үшін және туризмге жағдайлар жасау.

Пайымы:

1) бәсекеге қабілетті ғылымды көп қажет ететін өнім әзірлеуді және өндіруді қамтамасыз етуге қабілетті тиімді ұлттық инновациялық жүйе;

2) әлемдік стандарттарға сәйкес келетін және өлшем бірлігін қамтамасыз ететін техникалық реттеудің ұлттық жүйесі;

3) отандық және шетелдік капиталды тартуға ықпал ететін қолайлы инвестициялық климат;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку