(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚҚА БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2011.31.01 № 10 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне кастодиандық қызметті жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 10 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 23 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Кастодиандық үлгi шарттардың нысандарын бекіту туралы» 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 139 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2320 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
Кастодиан банк, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым және жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын кастодиандық үлгі шартында:
30-тармақтың бірінші абзацында «салыстырып тексеру үшін мынадай деректерді» деген сөздер «салыстырып тексеру үшін мыналар туралы деректерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Шарттың 30-тармағында көрсетілген деректер бойынша салыстырып тексеру есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірілмей үш данада жасалынатын және Кастодианның, Ұйымның және Қордың уәкілетті өкілдерінің қолы қойылатын үш жақты салыстырып тексеру актісімен ресімделеді.
Салыстырып тексеру актісінде мыналар көрсетіледі:
1) салыстырып тексеру актісінің жасалған күні және салыстырып тексеру жүргізілетін кезеңі;
2) салыстырып тексеру жүргізілген кезеңдегі мынадай сомалар туралы ақпарат:
келіп түскен зейнетақы жарналардың, оның ішінде қате есепке алынған жарналардың;
зейнетақы активтерінен және инвестициялық кірістен есептелген және аударылған сыйақы;
Редакция документа
Демо – версия документа