«Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің 2013 - 2017 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 442 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 576 Қаулысы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің 2013 - 2017 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 442 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 576 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 112 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің 2013 - 2017 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 442 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 84, 1072-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің 2013 - 2017 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Тиісті қызмет салаларының (аяларының) ағымдағы жағдайын және даму үрдістерін талдау» деген 2-бөлімде:
«Өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамыту және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау» деген 1-стратегиялық бағытта:
«1) Реттелетін саланы немесе қызмет саласын дамытудың негізгі параметрлері» деген тармақта:
«Өңірлерді дамыту» деген кіші бөлімде:
бесінші, алтыншы және жетінші бөліктер алынып тасталсын;
жиырма сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі Кәсіпкерлік қызметті 2020 дейін мемлекеттік реттеу тұжырымдамасын қабылдады. Осы Тұжырымдама оны енгізудің мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін арзан, бірақ тиімді мемлекеттік реттеуді құруға бағытталған.»;
«Сәулетті, қала құрылысын, құрылысты және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту» деген 2-стратегиялық бағытта:
«1) Реттелетін саланы немесе қызмет саласын дамытудың негізгі параметрлері» деген тармақта:
«ТҚШ-ты жаңғырту және дамыту» деген кіші бөлімде:
жетінші бөлік алынып тасталсын;
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3-бөлімде:
Документ утратил силу
Демо – версия документа