«Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің 2013 2017 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 442 Қаулысы (2014.29.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің 2013 2017 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 442 Қаулысы
(2014.29.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 112 Қаулысымен күші жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің 2013 - 2017 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1563 Қаулысымен стратегиялық жоспары жаңа редакцияда (2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)(бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 30 сәуірдегі
№ 442 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің 2013 - 2017 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
Миссиясы. Өңірлерді серпінді дамыту арқылы ел халқының тыныс-тіршілігі үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Документ утратил силу
Демо – версия документа