«Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2014 жылғы 19 наурыздағы № 08-1-1-1/87 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 11-1-2/328 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің м.а.
2014 жылғы 19 наурыздағы
№ 08-1-1-1/87 бұйрығымен
бекітілген
«Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын
көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.a
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан - Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 145 қаулысымен бекітілген «Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру» мемлекеттік қызмет стандартының 2-бабының 4 тармағына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай рәсімдерден тұрады:
1) 1 процесс - көрсетілетін қызмет берушінің лауазымды адамның өтініш пен құжаттарды қабылдауы;
2) 2 процесс - көрсетілетін қызмет берушінің лауазымды адамның құжаттарды қарастыруы және оларды Көлік және комуникация министрлігіне (бұдан әрі - ККМ) келісуге жолдауы;
3) 3 процесс - ККМ келісу және көрсетілетін қызметті алушыға жауап жолдау;
4) 4 процесс - куәлiкті ресімдеу және беру.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:
Документ утратил силу
Демо – версия документа