«Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2014 жылғы 19 наурыздағы № 08-1-1-1/87 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 11-1-2/328 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің м.а.
2014 жылғы 19 наурыздағы
№ 08-1-1-1/87 бұйрығымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының
азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды/қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандығы туралы анықтама.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) іс-қимыл
тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 145 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі» мемлекеттік қызмет стандартының 2-бабының 4 тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай рәсімдерден тұрады:
1) 1-ші процесс - көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауы, тексеруі, тіркеуі;
2) 2-ші процесс - құжаттарды қарастыру, көрсетілетін қызметті алушының деректерін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі - ҰҚК) ақпараттық жүйесіне енгізу;
3) 3-ші процесс - материалдардын ҰҚК-мен келісу;
4) 4-ші процесс - көрсетілетін қызметті берушінің қорытындыны дайындауы және дипломатиялық пошта арналары арқылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне (бұдан әрі - СІМ) жолдауы;
5) 5-ші процесс - материалдарды қарау және тексеру, СІМ қорытындысын дайындау;
Документ утратил силу
Демо – версия документа