«Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 192 бұйрығы (2014.16.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 192 бұйрығы
(2014.16.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2015 жылғы 22 мамырдағы № 473 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің:
1) «Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 501 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7278 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 95-96 (26914-26915) санында жарияланған);
Документ утратил силу
Демо – версия документа