(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.20.12 № 1380 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1380 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 12 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі - өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Осы қаулы өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін отыз төртінші және отыз бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1380 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1058 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 54, 766-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында:
3 және 4-тармақтар мынадай редакция жазылсын:
«3. Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені) үшін, сондай-ақ кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кезде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым алынады.
4. Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені және кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым алынады.»;
Редакция документа
Демо – версия документа