Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Халықаралық көрмелер туралы конвенция (Париж, 1928 жылғы 22 қараша)

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕЛЕР ТУРАЛЫ
КОНВЕНЦИЯ
(Париж, 1928 жылғы 22 қараша)

 

ҚР 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 193-V Заңымен ратификацияланда

 

I-БӨЛІМ. АНЫҚТАМАЛАР

II-БӨЛІМ. КӨРМЕЛЕРДІ ӨТКІЗУ ЖИІЛІГІ

III БӨЛІМ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕЛЕР БЮРОСЫ

IV БӨЛІМ. ШАҚЫРУШЫ ЕЛ МЕН ҚАТЫСУШЫ ЕЛДЕРДІҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ

V БӨЛІМ. НАГРАДАЛАР

VI БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

 

Төменде қол қойған, төменде аталған Үкіметтердің соған тиісінше уәкілеттік берілген тұлғалар 1928 жылғы 12 қарашадан бастап 22

қарашаны қоса алғандағы кезеңде Парижде Конференцияда жиналып,

ортақ келісім мен ратификациялау шартымен төмендегілер туралы

уағдаласты:

 

 

БІРІНШІ БӨЛІМ.
АНЫҚТАМАЛАР.

 

 

Бірінші бап.

 

Осы Конвенцияның ережелері тек ресми немесе ресми түрде халықаралық деп танылған көрмелерге қолданылады.

Басқа елдер дипломатиялық жолмен шақырылатын, әдеттегідей, мерзімдік сипаты жоқ және бірнеше ел өндірістің бір немесе бірнеше саласында қол жеткізген табыстарды көрсету мақсатын көздейтін, сондай-ақ көрме үй-жайына кіру кезінде сатып алушылар немесе келушілер арасында ешқандай айырмашылық болмайтын кез келген экспозиция, атауына қарамастан, ресми немесе ресми түрде халықаралық деп танылған көрме болып есептеледі.

Осы Конвенция ережелерінің қолданысына мыналар:

1. Ұзақтығы кемінде үш апта болатын көрмелер;

2. Ұзақтығы 1-тармақта көзделген ұзақтықтан аспайтын жағдайда халықаралық конгрестерге байланысты ұйымдастырылған ғылыми көрмелер;

3. Халықаралық көрмелер;

4. Бір ғана ел екінші елде оның шақыруы бойынша ұйымдастырған көрмелер жатпайды.

Уағдаласушы елдер осы Конвенцияның қолданысына бола тұра, онда көзделген міндеттемелерін орындамаған халықаралық көрмелерге қамқорлық көрсетуден және мемлекеттік субсидиялардан, сондай-ақ төменде III, IV және V бөлімдерде көзделген басқа артықшылықтардан бас тартуға келісті.

 

 

2-бап.

 

Егер көрме бірнеше өнеркәсіп салаларындағы адам еңбегінің бұйымдарына арналса және ол белгілі бір салада, мысалы, гигиена,

қолданбалы өнер, қазіргі заманғы жайлылық, колонияларды дамыту

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку