«Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия қызметінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 106 бұйрығы (2016.28.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия қызметінің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 106 бұйрығы
(2016.28.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Әділет министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 1200 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Казақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия қызметінің ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы Б.Ш. Әбішевке жүктелсін.
3. Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Имашев |
Әділет министрінің
2014 жылғы 14 наурыздағы
№ 106 бұйрығымен
бекітілген
Сот-сараптама қызметін лицензиялау
жөніндегі комиссия қызметі туралы
ереже
1. Жалпы қағидалар
1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес әзірленген және Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия (әрі қарай - Комиссия) қызметінің бірыңғай тәртібін айқындайды.
2. Комиссия Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (әрі қарай - Министрлік) жанынан құрылады.
ҚР Әділет министрінің 2016.28.04. № 195 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Документ утратил силу
Демо – версия документа