«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 114 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 114 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 610 Қаулысымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 6-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі (бұдан әрі - мемлекеттік норматив) бекітілсін.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдері:
1) 2015 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша өңірдің денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамытудың 2015 - 2025 жылдарға арналған перспективалық жоспарын бекітсін;
2) өңірді дамытудың перспективалық жоспарына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарының қолданыстағы желісінің номенклатурасын кезең-кезеңімен мемлекеттік нормативке сәйкес келтіруді қамтамасыз етсін;
3) денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін дамыту, оның ішінде кеңейту жөніндегі шараларды толық көлемде орындау шартымен және олардың орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қабылдасың.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысы (бұдан әрі - қаулы) (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 525-құжат);
2) «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 975 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 52, 735-құжат);
Документ утратил силу
Демо – версия документа