«Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 131 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 821 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 131 қаулысымен
бекітілген
«Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын
сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. «Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) ішкі істер органдарының тіркеу-емтихан бөлімшелері (бұдан әрі - ТЕБ);
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің автоматтандырылуын бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - орталық);
3) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) ТЕБ-ке, сондай-ақ орталық арқылы жүгінген кезде:
осы стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 1 сағаттан аспайды;
қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды;
қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды;
2) порталға жүгінген кезде:
Документ утратил силу
Демо – версия документа