«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 723 бұйрығы (2015.28.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясы туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 723 бұйрығы
(2015.28.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 1037 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 52) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Л.М. Ахметниязова):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е.Асайынова) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы |
Е. Байжүнісов |
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2013 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 723 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Формулярлық комиссиясы туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясы (бұдан әрі - Формулярлық комиссия) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) алқа, консультациялық-кеңесші және сарапшы органы болып табылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа