Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Мемлекеттік органдардың қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өткен қызметкерлері туралы есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 06-7/181 бұйрығы (күші жойылды)

«Мемлекеттік органдардың қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өткен қызметкерлері туралы есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 06-7/181 бұйрығы

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 276 бұйрығымен қүші жойылды

 

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларының 30-тармағына сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандар:

1) мемлекеттік органдардың қайта даярлаудан өткен қызметкерлері туралы есеп осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

2) мемлекеттік органдардың біліктілігін арттырудан өткен қызметкерлері туралы есеп осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген:

1) орталық мемлекеттік органдардың мәліметтері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) ұсынады;

2) жергілікті атқарушы органдардың, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мәслихат аппараттары мен ревизиялық комиссияларының мәліметтері Агенттіктің тиісті аумақтық бөлімшелеріне ұсынылады деп белгіленсін.

3. Мемлекеттік қызмет персоналын басқару бөлімі (Ж.Ш. Сәрсенов):

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықты Агенттіктің ресми интернет-ресурсында орналастыру;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку