«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1577 Қаулысы (2014.28.05. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1577 Қаулысы
(2014.28.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 222 Қаулысымен күші жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1577 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің
2014 - 2018 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
1-бөлім. Миссиясы және пайымы
Миссиясы: ел үшін жаңа, экономиканың және қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын толыққанды ғарыш саласын қалыптастыру.
Пайымы: ғарыш саласы Қазақстанның әлемнің неғұрлым бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына кіруіне ықпал ететін экономиканың ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық секторы.
2. Ғарыш қызметі саласындағы ағымдағы ахуалды талдау
және дамыту үрдістері
1-стратегиялық бағыт. Ғарыш инфрақұрылымын құру және дамыту.
1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын негізгі дамыту көрсеткіштері.
Ғарыш қызметінің нәтижелері мен қосымшалары заманауи жағдайларда инновациялық бағыттағы қоғамдық дамудың маңызды факторы болуда, ол экономика мен білімдердің әртүрлі салаларында мультипликативтік әсер етіп, индустрияландырудан кейінгі ақпараттық қоғам құру негізін айқындайды.
Документ утратил силу
Демо – версия документа