«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1439 Қаулысы (2014.30.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1439 Қаулысы
(2014.30.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 223 Қаулысымен күші жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1439 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
2014 - 2018 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
1. Миссиясы мен пайымы
Миссиясы: Мемлекеттің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру міндеттерін шешу үшін құқықтық инфрақұрылымды жаңғырту және қамтамасыз ету.
Пайымы: Тиімді құқықтық қорғаумен, сондай-ақ құқықтық мемлекеттің стандарттары мен қағидаттарына сәйкес мемлекеттік және заңгерлік қызметтермен қамтамасыз етілген дамыған азаматтық қоғам.
2. Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті
салаларындағы (аясындағы) даму үрдістерін талдау
1. Стратегиялық бағыт. Заңнаманы және нормашығармашылықты жетілдіру.
Реттелетін саланы немесе қызметтік саланы дамытудың негізгі параметрлері.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) негізгі міндеттерінің бірі мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету болып табылады, оның негізгі қоғамдық қатынастарға нормативтік құқықтық реттеу арқылы құқықтық ықпал етуден тұрады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа