«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1540 Қаулысы (2014.26.05. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1540 Қаулысы
(2014.26.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 112 Қаулысымен күші жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1540 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің
2014 - 2018 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
1-бөлім. Миссиясы мен пайымы
Миссиясы - қоғамның, мемлекеттің және халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған, мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру.
Пайымы - заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып және статистика саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін кәсіби статистикалық қызмет.
2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау және тиісті қызмет
салаларының (аяларының) даму үрдістері
1-стратегиялық бағыт. Ұсынылатын ақпараттың сапасын жақсарту.
1. Реттелетін сала немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері.
Қазіргі уақытта Қазақстанның статистика жүйесі өз дамуының сапалы жаңа кезеңінде, одан әрі сәтті қызмет етуі үшін негіз құруға бағытталған бірқатар іс-шаралар атқарылды.
Документ утратил силу
Демо – версия документа