«Электрондық коммерция орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1451 Қаулысы
«Электрондық коммерция орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1451 Қаулысы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - қоғам) «Электрондық коммерция орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - серіктестік) жарғылық капиталына қоғамның 100 пайыз мөлшеріндегі қатысу үлесін республикалық меншікке беру туралы ұсынысын қабылдауға келісім берілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік серіктестіктің жарғылық капиталына берілсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының 1 және 2-тармақтарынан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын;
2) серіктестіктегі мемлекеттік қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтарының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне берілуін қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
Демо – версия документа