Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.02.11 № 1279 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 2 қарашадағы

№ 1279 қаулысымен

бекітілген

 

Осы редакция 2013 жылғы 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

Тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру
қағидалары

 

(2012.22.11. берілген өзгерістермен)

 

1. Осы Тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

ҚР Үкіметінің 2012.22.11. № 1477 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сапасына сараптама жасау ұлттық стандарттар белгілеген барлық көрсеткіштер (толық талдау) бойынша немесе нормаланатын көрсеткіштердің барлықтары емес (толық емес талдау) бойынша қолданыстағы ұлттық стандарттарға сәйкес жүргізіледі.

ҚР Үкіметінің 2012.22.11. № 1477 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Тұқым егістері сапасының ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкестiгiн белгілеуді аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханалар тұқым партиясынан ұлттық стандарттарға сәйкес iрiктеп алынған орташа сынаманы зерттеу негізінде жүргізеді. Тұқымның сорттық сапасы сорттық егiстердi байқап көру актiсiмен расталады.

Тек себуге ғана арналған тұқым партиясынан сынамаларды iрiктеп алуды тұқым сарапшылары тұқым өндiрушiлердiң өтiнiмдерi бойынша және (немесе) аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларда тиiстi даярлықтан өткен және тиiстi қорытындысы бар тұқым өндiрушiлер (олардың өкiлдерi) жүргiзедi.

Сатуға арналған тұқым партиясынан сынамаларды іріктеп алуды тұқым өндірушінің өтініші бойынша тұқым өндіруші өкілінің қатысуымен тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүргізеді.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку