Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.02.11 № 1279 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Осы редакция 2012 жылғы 22 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 2 қарашадағы

№ 1279 қаулысымен

бекітілген

 

Тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру
қағидалары

 

 

1. Осы Тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2. Ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сапасына сараптама жасау мемлекеттік стандарттар белгілеген барлық көрсеткіштер (толық талдау) бойынша немесе нормаланатын көрсеткіштердің барлықтары емес (толық емес талдау) бойынша қолданыстағы мемлекеттік стандарттарға сәйкес жүргізіледі.

3. Тұқым егістері сапасының мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкестігін белгілеуді аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханалар тұқым партиясынан мемлекеттік стандарттарға сәйкес іріктеп алынған орташа сынаманы зерттеу негізінде жүргізеді. Тұқымның сорттық сапасы сорттық егістерді байқап көру актісімен расталады.

Тек себуге ғана арналған тұқым партиясынан сынамаларды іріктеп алуды аттестатталған тұқым сарапшылары тұқым өндірушілердің өтінімдері бойынша және аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларда тиісті даярлықтан өткен және тиісті қорытындысы бар тұқым өндірушілер (олардың өкілдері) жүргізеді.

Сатуға арналған тұқым партиясынан сынамаларды іріктеп алуды тұқым өндірушінің өтініші бойынша тұқым өндіруші өкілінің қатысуымен тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүргізеді.

Сынамаларды іріктеп алу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актімен ресімделеді.

Акт екі данада ресімделеді: бір данасы сынама іріктеп алынған тұқым өндірушіге беріледі, екіншісі сынамамен бірге тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаға жіберіледі.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку