(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.02.11 № 1279 ҚАУЛЫСЫ
Сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды, зертханалық сорттық сынақтардан өткізуді, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1279 Қаулысы
(2013.24.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 5-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды жүзеге асыру қағидалары;
2) Зертханалық сорттық сынақтардан өткізуді жүзеге асыру қағидалары;
3) Тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 2 қарашадағы
№ 1279 қаулысымен
бекітілген
Сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды жүзеге асыру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарына қатысты сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
тұқымдар - өсімдіктердің сортын молықтыру үшін пайдаланылатын генеративтік және вегетативтік органдары: тұқымның өзі, жемістер, күрделі жемістердің бөлігі, қосалқы жеміс, масақтар, көшеттер, жуашық, түйнек, қалемшелер, түзуші ұлпалар және басқалар;
Редакция документа
Демо – версия документа