Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1271 Қаулысы (2015.26.02. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1271 Қаулысы

(2015.26.02. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 621 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 29 қарашадағы

№ 1271 қаулысымен

бекітілген

 

 

Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау

қағидалары

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың (бұдан әрі - балалар) тұрғын үйін сақтау тәртібін айқындайды.

2. Балалардың тұрғын үйінің сақталуын бақылауды жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - органдар) қамтамасыз етеді.

3. Балаларды қорғаншылыққа немесе қамқоршылық, патронаттық тәрбиелеуге бергенге, білім беру ұйымдарына, медициналық және басқа да ұйымдарға орналастырғанға дейін олардың тұрғын үйін сақтауды органдар қамтамасыз етеді.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции