«Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 қарашадағы № 1231 Қаулысы (күші жойылды)
«Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 қарашадағы № 1231 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 960 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32-33, 399-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде:
51-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) шетелдік қатысушылар үшін оларға тиесілі қаруды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қорытындысын, сондай-ақ оны тасымалдауға рұқсат алуға;»;
18-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу тәртібі»;
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«110. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әкелуге қорытындыны уәкілетті ішкі істер органы заңды тұлғаларға мынадай құжаттардың негізінде береді:»;
1-тармақтың оныншы, он бірінші абзацтары 2014 ж. 1 қаңтардан бастан қолданысқа енгізілді
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) қару мен оның патрондарын әкелу немесе әкету құқығына қорытындыны бергені үшін мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек.»;
екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа