(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 21 ТАМЫЗДАҒЫ №721 ҚАУЛЫСЫ
Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді
қабылдау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 721 қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 18 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау ережесі бекітілсін.
2. «Мемлекеттік органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлеу мен бекіту ережесі мен Мемлекеттік органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі салалық нормативтерді әзірлеу мен бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1182 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., №44, 560-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. МӘСІМОВ |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 21 тамыздағы №721
қаулысымен бекітілген
Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы
нормативтік құқықтық актілерді қабылдау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 13) тармақшасына және 319-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Ереже тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібін белгілейді.
2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік
құқықтық актілерге қойылатын негізгі талаптар
Редакция документа
Демо – версия документа