(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.28.02 № 205 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 ақпандағы № 205 Қаулысы
(2010.09.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - ұйымдар) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) ұйымдардың жарғыларына тиісті өзгерістер енгізуді және олардың әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 28 ақпандағы
№ 205 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелері
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Республикалық эпизоотияға қарсы күрес отряды» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы күрес отряды» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылсын.
Редакция документа
Демо – версия документа