Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.19.07 № 741 ҚАУЛЫСЫ

«Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік
 кәсiпорнының кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 741 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Орталық) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң қарамағынан Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетiнiң қарамағына берілсiн.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi Орталықты мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.

3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:

1) Орталықтың жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге енгiзсiн;

2) Орталықтың әдiлет органдарында мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

3) осы қаулыны iске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2005 жылғы 19 шілдедегi

№ 741 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне

енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар

 

1. «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку