(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 26 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 979 ҚАУЛЫСЫ
«Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетi» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі № 979 қаулысы
(2004.28.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң «Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетi» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi жоғары білімдi мамандарды даярлау және қайта даярлау болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1) Кәсiпорынның жарғысын бекітудi және әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, «Абай атындағы Алматы университетi» ашық акционерлік қоғамын (бұдан әрi - Қоғам) тарату және оның мүлкiн Кәсiпорынға беру жөніндегі қажеттi шараларды қабылдасын;
3) таратылатын Қоғамның білім алушыларына оқу жылын аяқтау үшiн шаралар қабылдасын;
4) осы қаулыны iске асыру жөнiнде басқа да шаралар қабылдасын.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 26 қыркүйектегі № 979 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір
шешімдерiне енгізiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
Редакция документа
Демо – версия документа