(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.28.05 № 491 ҚАУЛЫСЫ
«Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 491 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 28 мамырдағы
№ 491 қаулысымен
бекітілген
«Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»
техникалық регламенті
1. Қолданылу аясы
1. Осы «Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) минералды, органикалық-минералды, органикалық тыңайтқыштарға және топырақ жақсартушы заттарға (бұдан әрі - тыңайтқыштар), сондай-ақ, олардың тіршілік циклы үдерістеріне қолданылады.
2. Осы Техникалық регламент қолданылатын тыңайтқыштардың тізбесі және Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі - ҚР СЭҚ ТН) сыныптамасы бойынша олардың кодтары осы Техникалық регламентке қосымшада көрсетілген.
3. Тыңайтқыштармен байланысты қатерлер мынадай қауіпті факторларға негізделеді:
минералды тыңайтқыштар үшін:
1) жанғыштығы;
2) тотықтырғыштық әсері;
3) коррозиялық әсері;
4) уыттылығы;
5) көзді зақымдауы;
6) теріні жеуі;
7) көз бен теріні тітіркендіруі;
8) қоршаған сулы орта және топырақ үшін қауіптілігі;
9) қоршаған ауа ортасы және топырақ үшін қауіптілігі;
10) радиоактивті сәуле шығаруы (фосфорлы тыңайтқыштар және топырақ жақсартушы заттар үшін);
органикалық және органикалық минералды тыңайтқыштар үшін:
1) бактериологиялық;
2) паразитологиялық;
3) энтомологиялық.
Редакция документа
Демо – версия документа