«Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің 2013 - 2017 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 442 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 844 Қаулысы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің 2013 - 2017 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 442 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 844 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 112 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің 2013 - 2017 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 442 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің 2013-2017 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3-бөлімде:
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3.1-кіші бөлімде:
«Өңірлердің және кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету үшін жағдай жасау» деген 1-стратегиялық бағытта:
«Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының өсуін қамтамасыз ету» деген 1.1-мақсатта:
«Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың коды 008, 009, 011, 012, 015, 017, 018» деген жол «, 049» деген сандармен толықтырылсын;
«Экономикалық әлеуеттің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын құру мен халықтың тыныс-тіршілігі үшін қолайлы жағдайлар жасау» деген 1.1.1-міндетте:
тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-жолмен толықтырылсын:
«
11. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің ақпараттық-талдау жүйесін әзірлеу | X | X | - | - | - |
»;
«Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі мен ауылдық аумақтарды дамыту» деген 1.1.2-міндетте:
«2013 жыл (жоспар)» деген бағанда:
Документ утратил силу
Демо – версия документа