«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 845 Қаулысы (2013.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 845 Қаулысы
(2013.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 624 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 18 ақпандағы № 133 бұйрығын қараңыз
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 26 тамыздағы
№ 845 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) мемлекеттік қызметтерді көрсету құзыретіне кіретін орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыруы және автоматтандыруы тәртібін айқындайды.
2. Оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесін (бұдан әрі - тізбе), оларды электрондық нысанға ауыстыру мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандырудың мақсаттары мемлекеттік органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету процесін, оның ішінде:
1) артық әкімшілік рәсімдерді және мемлекеттік органдардың келісуші бөлімшелерінің санын жою;
Документ утратил силу
Демо – версия документа