Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 1999 Ж. 03 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 280 Ж...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3
желтоқсандағы № 280 Жарлығы

(2013.16.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 9 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Президентінің 2013.16.04. № 544 Жарлығымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:

ҚР Президентінің 2013.16.04. № 544 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) туралы ереже;

2) Агенттіктің құрылымы бекітілсін.

2. ҚР Президентінің 2013.16.04. № 544 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

ҚР Президентінің 2005.14.10 № 1660 Жарлығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Агенттік Төрағасының екі орынбасары, соның ішінде бір бірінші орынбасары болады деп белгіленсін.

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде:

1) «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақпарат және сынақ орталығы» мемлекеттік мекемесін құрсын;

2) Агенттік пен оның аумақтық органдарының қызметін қаржыландыруды республикалық бюджетте көзделген қаржының есебінен қамтамасыз етсін;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылдаған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;

4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.

5. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Агенттік бір ай мерзімде Мемлекет басшысының бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыныс енгізсін.

6. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері Агенттіктің аумақтық органдарының ұйымдық-техникалық мәселелерін шешуде жәрдем көрсетсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку