(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ МИНИСТРІНІҢ...
Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 73 бұйрығы
Осы редакция 2013 жылғы 1 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 67-бабының 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 584 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 8304 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Т.М. Савельева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Досаев |
экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2013 жылғы 13 наурыздағы
№ 73 бұйрығына
1-қосымша
Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну
қағидалары
1. Осы бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағида) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің кезекті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Бюджеттік өтінімді жасаудың негізгі мақсаты-бюджеттік бағдарламаларды орындаудың қажетті ресурстары мен нәтижелері туралы сандық және қаржылық ақпарат негізінде республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеген кезде шығыстар көлемін негіздеу болып табылады.
3. Бюджеттік өтінім базалық шығыстар мен жаңа бастамалар шығыстарына бөлінетін шығыстар көлемін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жасайтын құжаттардың жиынтығы болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа