Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ САУДА МИНИСТРІНІҢ 2010....

Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету ережелерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеуін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 бұйрығы

(2013.06.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 26 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2012.12.07. № 214 Бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 156-бабының 7-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2012.12.07. № 214 Бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету ережелері, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеуі бекітілсін.

2. Инвестициялық саясат департаменті (Б.К. Тортаев) және Заң департаменті (Д.А. Ешімова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. «Қаржылық-экономикалық негіздеменің мазмұнына, әзірлеу тәртібі мен мерзіміне қойылатын талаптарды, сондай-ақ мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланатын бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 3 наурыздағы № 34 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 27 наурызда № 5610 болып тіркелген).

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда Вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық 2010 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Ж. Айтжанова

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку