Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.26.07 № 859 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 859 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 23 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормалары бекітілсін.

2. «Азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қыркүйектегі № 779 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі 

 

К.Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 26 шілдедегі

№ 859 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығының

нормалары

 

 

1-бөлім. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығының нормалары (бұдан әрі - Нормалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 9) тармақшасына сәйкес азаматтық әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігінің деңгейін арттыру мақсатында әзірленді және азаматтық әуе кемелерінің (бұдан әрі - ӘК) конструкциясына, параметрлеріне және ұшу сапасына қойылатын негізгі талаптарын белгілейді.

2. Осы Нормалар азаматтық әуе кемелеріне, азаматтық әуе кемелерінің қозғалтқыштары мен жабдықтарына қолданылады және мемлекеттік стандарттарды, техникалық тапсырмаларды және азаматтық әуе кемесінің техникалық шарттарын әзірлеу кезінде міндетті болып табылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку