Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2010.20.01 № 240-IV ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы

 

Осы редакция 2013 жылғы 2 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

1-тарау. Жалпы ережелер

(1-11-баптар)

2-тарау. Сот-сараптама қызметінің субъектілері

(12-22-баптар)

3-тарау. Сот сараптамасын жүргізу

(23-32-баптар)

4-тарау. Тірі адамдарға сот сараптамасын жүргізудің ерекшеліктері

(33-41-баптар)

5-тарау. Сот-сараптама қызметін ғылыми-әдістемелік, ақпараттық қамтамасыз ету, сот сарапшыларын кәсіби даярлау және олардың біліктілігін арттыру

(42-44-баптар)

6-тарау. Сот сараптамасы органдарында сот-сараптама қызметін қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету

(45-46-баптар)

7-тарау. Сот-сараптама қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастық

 

(47-49-баптар)

8-тарау. Қорытынды ережелер

(50-51-баптар)

 

 

 

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

Осы Заң Қазақстан Республикасында сот-сараптама қызметін жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.

Сот сараптамасын тағайындау және жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу, Азаматтық іс жүргізу кодекстерімен және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен белгіленеді.

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) арнаулы ғылыми білім - сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерінде іске асырылған, мазмұны ғылыми білімді құрайтын арнаулы білім саласы;

2) сарапшының қорытындысы - сот-сараптамалық зерттеудің барысы мен нәтижелерін көрсететін, заң талаптарына сәйкес ресімделген құжат;

3) сот-сараптама қызметі - сот сараптамасы органдары мен сот сарапшыларының сот сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қызметі;

4) сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензия - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі немесе Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы тұлғаға сот-сараптама қызметімен айналысуға беретін рұқсаты;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку