Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.02.11 № 1279 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Осы редакция 2013 жылғы 24 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 2 қарашадағы

№ 1279 қаулысымен

бекітілген

 

 

Зертханалық сорттық сынақтардан өткізуді жүзеге асыру
қағидалары

(2012.22.11. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Зертханалық сорттық сынақтардан өткізуді жүзеге асыру қағидасы (бұдан әрі - Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және тұқымдардың партиясынан сынамаларға зертханалық талдау жүргізу арқылы тұқымдардың белгілі бір сортқа тиесілігін белгілеу мен тұқымдардың сорттық тазалығын айқындау тәртібін айқындайды.

2. Заңның 21-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының соңынан сатуға арналған элиталық тұқымдары мен бірінші көбейтілген тұқымдары зертханалық сорттық сынақтарға жатады.

3. Зертханалық сорттық сынақтарды Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемкомиссия) жүргізеді.

 

 

2. Зертханалық сорттық сынақтарды жүргізу тәртібі

 

4. Ауыл шаруашылығы өсімдігінің әрбір түрі мен сорты бойынша сатуға арналған тұқымдарды зертханалық сорттық сынау:

үш жылда бір рет - элиталық тұқымдар үшін;

бес жылда бір рет - бірінші көбейтілген тұқымдар үшін жүргізіледі.

ҚР Үкіметінің 2012.22.11. № 1477 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Тұқымдарға зертханалық сорттық сынақтарды жүргізу үшін аттестатталған элиталық тұқым өндіруші шаруашылықтар және (немесе) бірінші көбейтілген тұқым өндірушілер Мемкомиссияға мынадай құжаттар мен мәліметтерді (тұқым партиясынан алынған сынамалар):

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зертханалық сорттық сынақтарды жүргізуге арналған өтінішті;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку