(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИН. 2008...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1394 қаулысымен бекітілген Қызметкерлердің орташа жалақысын есептеудің бірыңғай ережесін қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 3 маусымдағы № 135-ө бұйрығы
Осы редакция 2013 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1159 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 10-тармағы 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қызметкерлердің орташа жалақысын есептеудің бірыңғай ережесін қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 1942 қаулысымен бекітілген Қызметкерлердің орташа жалықысын есептеудің тәртібі туралы нұсқаулыққа Түсіндірмелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2001 жылғы 22 маусымдағы № 120-ө бұйрығының күші жойылған деп танылсын.
3. Осы бұйрықты:
жұмыста басшылыққа алу үшін Министрліктің облыстық, Астана және Алматы қалалары аумақтық органдарына;
жариялау үшін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Вопросы труда и социального обеспечения» бюллетеніне жіберсін, сондай-ақ Министрліктің веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Сапарбаев |
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2008 жылғы 3 маусымдағы
№ 135-ө бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1394 қаулысымен бекітілген Қызметкерлердің орташа жалақысын есептеудің бірыңғай ережесін қолдану жөніндегі
әдістемелік ұсынымдар
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа