«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 436 Қаулысы (2023.04.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 436 Қаулысы
(2023.04.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 207 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 30 сәуірдегі
№ 436 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері
жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері, функциялары және құқықтары
3. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу мен орындаудың мемлекетішілік тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
2) халықаралық шарттарды жасасу бойынша жоспарлауды қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуын бақылау және мониторингілеу жүйелерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 513 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Комиссияның негізгі функциялары:
Документ утратил силу
Демо – версия документа