(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2001.28.09 № 691 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығы
(2012.13.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2011.24.08. № 142 Жарлығымен тақырыбында және мәтінінде «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің» деген сөздерден кейін «- Елбасының» деген сөзбен толықтырылды (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» 2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның дербес құрамы бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің «Президенттің бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы туралы» 1992 жылғы 31 тамыздағы № 903 қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 31, 471-құжат);
2) Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 31 тамыздағы № 903 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 1994 жылғы 20 қазандағы № 1949 қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 42, 454-құжат);
3) Қазақстан Республикасы Президентінің «Президенттің бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығын беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 31 тамыздағы № 903 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 1997 жылғы 24 қазандағы № 3716 жарлығы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 47, 435-құжат).
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Редакция документа
Демо – версия документа