(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2011.25.11 № 185 ҚАУЛЫСЫ
Біріктірілген көрсеткіш пен кредиттер бойынша кешірілген үмітсіз берешектің жалпы сомасының біріктірілген көрсеткішке ең жоғары арақатынас мөлшерін, есептік көрсеткіш пен оның мөлшерін айқындау тәртібін, үмітсіз берешекті кешіру негіздері мен тәртібін айқындау ережесін бекіту туралы және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 25 қарашадағы № 185 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Біріктірілген көрсеткіш пен кредиттер бойынша кешірілген үмітсіз берешектің жалпы сомасының біріктірілген көрсеткішке ең жоғары арақатынас мөлшерін, есептік көрсеткіш пен оның мөлшерін айқындау тәртібін, үмітсіз берешекті кешіру негіздері мен тәртібін айқындау ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесінде:
1-тармақттың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) біртекті кредиттер портфелі - жіктеу ерекшеліктері осы Ереженің 5-тарауында көрсетілген және кредиттік тәуекелдің ұқсас сипаттамалары бар, банктің басқару органы бекіткен ішкі ережелермен айқындалған кредиттер;»;
Редакция документа
Демо – версия документа