«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 527 Жарлығы (2015.29.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
(2015.29.12. берілген өзгерістермен)
Қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Президентінің 2015.29.12. № 152 Жарлығымен күші жойылды (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) «Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 16 қарашадағы № 435 Жарлығына:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда:
2-тармақ алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. «Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат; 2011 ж., № 8, 95-құжат; 2011 ж., № 52, 710-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесiнде:
мынадай мазмұндағы 62-1-тармақпен толықтырылсын:
«62-1. Егер бағалау қорытындылары бойынша бағаланып отырған мемлекеттiк орган қызметiнiң тиiмдiлiк көрсеткiштерi төмендегені, сондай-ақ сеніп тапсырылған саладағы (қызмет саласындағы) ахуалдың нашарлағаны анықталса, Сараптама комиссиясы істің жай-күйіне бағалау жүргізілген орталық атқарушы органның тиiстi мемлекеттiк саяси қызметшiсiнің жауаптылығы туралы мәселені қарауға ұсыныс енгізеді.».
2. Осы Жарлық 2013 жылғы 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2013 жылғы наурыздың 22-і.
№ 527
Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы
№ 527 Жарлығымен
бекітілген
Демо – версия документа