Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 244 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 56 Қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 244 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 56 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығының 2-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 244 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 34, 439-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

2-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 29 қаңтардағы

№ 56 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 20 ақпандағы

№ 244 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі туралы
ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку