Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.30.05 № 440 ҚАУЛЫСЫ

Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 440 Қаулысы

(2008.05.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2012 жылғы 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 30 мамырдағы

№ 440 қаулысымен

бекітілген

 

 

Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру

ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында мәдени құндылықтарды уақытша әкетуге және әкелуге рұқсат беру тәртібін айқындайды.

Осы Ереже мемлекеттік меншіктегі Қазақстан Республикасы ұлттық мұрағат қорының құжаттарын уақытша әкетуді регламенттемейді.

2. Уақытша экспозициялау, гастрольдік қызмет, қалпына келтіру жұмыстары мен ғылыми зерттеу, тұсаукесер, көрмелер және халықаралық мәдени іс-шаралар өткізу, сондай-ақ автордың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша немесе тұрақты тұруға баратынына қарамастан, осы Ережеде белгіленген тәртіппен өзі жасаған мәдени құндылықтарды әкету жағдайларын қоспағанда, мәдени құндылықтарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге тыйым салынады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку