Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.15.12 № 2121 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

ҚР Үкіметінің 2012.28.03. № 363 Қаулысымен стандарт жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 2121 қаулысымен

бекітілген

 

 

Осы редакция 2012 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жерi бойынша тіркеу есебінен шығару»
мемлекеттік қызмет стандарты
 
1. Жалпы ережелер

 

1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі - ХҚТ ТП) қолдана отырып, ішкі істер органдарының көші-қон полициясының аумақтық бөліністері (бұдан әрі - уәкілетті орган) мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (бұдан әрі - Орталық) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен бекітілген Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларының 3-тармағының негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы: (www.mvd.kz), сондай-ақ ақпараттың ресми көздерінде және орталықтардың үй-жайлары мен уәкілетті органдарда орналасқан стенділерде орналастырылады, олардың тізбелері осы стандартқа 1 және 2-қосымшада көрсетілген.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі азаматтарды тіркеу кітабында мөртаңба қою не ХҚТ ТП ақпараттық жүйесіне мәліметтер енгізу және электрондық тасымалдаушысы бар жеке куәлікте азаматтың заңды мекен жайын қайта жазуды жүргізу немесе бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет басқа тұрғылықты жерге кеткен, сот үкімі негізінде бас бостандығынан айыруға сотталған, сот тұрғын үйді пайдалану құқығы жойылды деп таныған адамдарға, қайтыс болған адамдарға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку